07:31, 23 Қаңтар 2017 | GMT +6
Астанада 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада желдің күшеюіне байланысты бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар болмайды.
Бұл туралы astana.gov.kz сайтында хабарланды.
"Қазгидромет" РМК-ның ауа райы болжамына сәйкес, бүгін елордада -9-11 градус аяз болады, күн бұлтты, ара-тұра қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, 9-14 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.