Астана жүргізушілеріне көктайғақ болатыны ескертілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ІІД әкімшілік полиция басқармасы Астана жолдарындағы көктайғаққа байланысты жолда абай болып, жол қозғалысы қағидасын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 «Қауіпсіз қашықтықты, жылдамдық режімін сақтап, жол белгілері, автотұрақ және көліктер аялдамасының нұсқамасын қатаң орындау қажет, жүргіншілерден жолдан бегіленген орындар арқылы ғана өтуін сұраймыз», - деп хабарлады елордалық ІІБ баспасөз хатшысы С. Қолышбекова.

Атап өтсек, синоптиктердің болжамынша, Ақмола облысында жер-жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейіп, түнде тұман түсіп, көктайғақ болады. Астанада сенбі күні ауыспалы бұлт шығып, түнде және таңертең жауын-шашын, тұман болады. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз +1+3°С.

Соңғы жаңалықтар