Астана және Амман әріптестіктің жаңа перспективаларын талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Иорданияның Ұлттық күнін тойлау құрметіне орай Иордан Хашимит Корольдігі делегациясының келуіне байланысты Астана қаласының әкімі Амман қаласының муниципалды комитетінің төрағасымен кездесті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала басшылары екі астана арасында әріптестіктің перспективаларын талқылады.

Екі қалада да қазіргі уақытта «ақылды қала» технологиясын енгізу, инвестиция тарту, саябақтар салу және қала көшелерін жасылдандыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Қазақстанның астанасына сапарлап келген Юсуф Аль Шауариб мырза Астана қаласының бас жоспарымен танысты, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрына, «Назарбаев Университеті» мен «Барыс Арена» мұзайдынына барды.

«Ресми сапар барысында Астана қаласының көркем жерлеріне барып, сәулеті ерекше нысандарды араладым. Жас болса да қарқынды дамып келе жатқан сіздің шаһарларыңыз қатты ұнады. Қала әкімшілігі тарапынан үлкен кәсіпорындар орналасатын инвестициялық орталықтарды тартуда жақсы жұмыс істелуде, мен бұған бүгін куә болдым», -деді Юсуф Аль Шауариб.

Сонымен бірге бүгін Астанада Иордан Хашимит Корольдігінің королі Хусейн Бен Талалдың есімімен көше ашылды. Айта кетейік, бұл көшенің ұзындығы 3 шақырым 78 метр.

Соңғы жаңалықтар