«Астана» - «Вильярреал» ойыны үшін арнайы автобустар шығарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» - «Вильярреал» командалары арасында футбол матчы жанкүйерлерін «Астана Арена» стадионына жеткізу мақсатында 23 қарашада арнайы автобустар жолға шығады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Астана LRT» ЖШС өкілі Асқар Атағұлиннің Фейсбектегі мәліметіне сілтеме жасап.

Асқар Атағұлиннің хабарлауынша, 23 қарашада қосымша автобустар сағат 20:00-21:00 аралығында жүреді.

«Автобустардың жеткізу орыны «Астана Арена» стадионы. Арнайы қоғамдық көліктер «Қазақстан» СК тұрағы, «Нұр Астана» мешіті тұрағы, «Жастар» сарайы» тұрағы, «Астаналық цирк» тұрағынан шығады. Жүру ақысы - 90 теңге. Жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз», - дейді ол.

«Астана LRT» ЖШС өкілінің ақпаратына сәйкес, ойын аяқталған соң қалаға № 10, 12, 28, 37, 40, 51, 53, 303 қоғамдық көліктермен жетуге болады. Сағат 23.30-ден бастап Қабанбай батыр даңғылы бойынша стадионның тұрағы мен «Астана Арена стадионы» аялдамасында жанкүйерлерді қалаға апаратын автобустар шығады.

Соңғы жаңалықтар