«Астана» велошабандозы Минали Лангкави турының 4-ші кезеңінде жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» командасының велошабандозы италиялық Рикардо Минали Лангкави турының (Малайзия) 4-ші кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Cyclingnews.com сайтына сілтеме жасап.

Жеңімпаздың уақыты - 4:10:14. Екінші болып тағы бір италиялық Андреа Гуардини (Bardiani CSF), үшінші болып Terengganu Cycling Team командасының малайзиялық спортшысы Мохд Салех келді.

Жалпы іріктеуде бірінші орында 16:55:45 нәтижемен канадалық Адам де Вос (Rally Cycling) тұр. Минали көшбасшыдан 1 минут 9 секундқа қалып, төртінші орынды иеленген. 

Соңғы жаңалықтар