«Астана» велошабандозы «Әбу-Даби» турының кезеңінде жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» командасының велошабандозы испандық Танел Кангерт «Әбу-Даби» турындағы таулы кезеңде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін турдың үшінші кезеңі өтті - бұл  Эль-Айн - Джебель-Хафит  аралығындағы 150 шақырымдық жол. «Астана» командасының  мүшесі Танел Кангерт мәреге бірінші болып жетті. Ирландық Николас Роч 17 секундқа қалып, екінші келді. Эритреялық Мексеб Дебесай мәре сызығын жарты минут өткеннен кейін кесіп, үшінші орынға тұрақтады. Ал «Астана» командасының тағы бір өкілі Винченцо Нибали алтыншы болып келді.

Еске салайық, «Әбу-Даби» туры веложарысы 21 қазан күні басталды.Барлығы 555 шақырымды құрайтын көпкүндік веложарыс 4 кезеңнен тұрады. Оның негізгі бөліктері демалыс күндеріне жоспарланған.

«Астана» командасының қатысушылары Винченцо Нибали, Валерио Аньоли, Андреа Гуардини, Якоб Фульсанг, Танел Кангерт және Гатис Смукулис. Айта кетейік, Винченцо Нибали «Астана Про Тим» қазақстандық клубы үшін соңғы рет өнер көрсетуде. 

«Әбу-Даби туры».Үшінші кезең.
Эль-Айн - Джебель-Хафит. 150 км

1. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») - 3:31:31
2. Николас Роч (Ирландия, «Sky») - +0:17
3. Мексеб Дебесай (Эритрея, «Dimension Data») - +0:33

Жалпы есеп:
1. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») - 9:19:44

2. Николас Роч (Ирландия, «Sky») - +0:21
3. Диего Улисси (Италия, «Lampre-Merida») - +0:43.

 

Соңғы жаңалықтар