«Астана» велошабандоздары бүгін жазық жолда жарысқа шығады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорттық директор Александр Шефер «Джиро д'Италия» жарысына кімдер қатысатынын айтты, деп жазады «SPORTINFORM» САА.

БАӘ-дегі «Абу-Даби Тур» Әлемдік Тур көпкүндігі таяу шығыс турнесі деген атпен үшінші жарыс аптасын ашты. Велошабандоздар Мадинат Зайед кешенінен Аднок мектебіне дейін 189 шақырымды жүріп өтті.

Алғашқы кезеңнің жеңміпазы болып Еуропа чемпионы Александр Кристофф танылды. Одан кейінгі кезекте италиялық Андреа Гвардини мен автралиялық Калеб Юен тұр. «Астана» құрамында өнер көрсеткен Риккардо Миннали 22-ші сатыдан көрінді.

«Абу-Даби Тур» көпкүндігі «Астана» көмандасы үшін «Джиро д'Италия» жарысына дайындалуға мүмкіндік беретін сынақ алаңы болмақ.

«Бұл жердегі мықтылардың көбі «Джиро» жолына шығатындар. Біз жеңіске жетуге талпынамыз, алда әлі екі жазық бар Риккардо Миналли өзін тағы бір сынап көрмекші, біз соңғы таулы кезеңде жеңіске жетуіміз керек»,-деді Александр Шефер.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» командасының құрамында Минналиден басқа Пельо Бильбао, Дарио Катальдо, Йеспер Хансен, Мигель Анхель Лопес, Давид Виллелла және Андрей Зейц сияқты спортшылар бар.

Бүгін 154 шақырымдық жазықтағы жарыс өтеді.

Соңғы жаңалықтар