Астана-Үшарал рейсі ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алакөлге жақын орналасқан Алматы облысындағы Үшарал қаласына Астанадан бортында жолаушылары бар бірінші ұшақ ұшады. Бұл туралы Фейсбукте Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.

Үкімет Алакөлдегі туризмді дамытуға, көліктер үшін жолдың ашылуын жақсарту мақсатында республикалық бюджеттен осы авиамаршрутын субсидиялауға қаржы бөлді.
null 

Рейстерді Үшарал әуежайы қабылдайтын болады, оның құрылысы жақында аяқталған. Ол жолаушыларды тіркеу мен тексеру үшін қажетті құрылығылармен жабдықталған. Бұдан бөлек, Алматы облысының әкімдігі ұшу-қону жолағындағы жөндеу-құрылыс, жермен жүру жолдарын, перронды жабдықтау жұмыстарын аяқтады. 

Соңғы жаңалықтар