Астана туристер арасында ең танымал және ең қымбат қала болып танылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы туристер арасында ТМД елдерінде көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат  «ТурСтат»  аналитикалық агенттігіне сілтеме жасап.

ТМД-тың ТОП-қалаларына сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь, Армения және Өзбекстан елдерінің астаналары енді. Астана, Баку, Минск, Ереван, Ташкент, Алматы, Кишинев, Бішкек, Киев және Ашхабад 2017 жылдың жазында туристер арасында сұранысқа ие қалалардың ондығына кіріп отыр.

Бұл ретте, «ТурСтат» агенттігінің мәліметінше, Астана сондай-ақ туристер үшін ең қымбат қала болып табылады. Мұнда туристер орташа алғанда 3-5 күнге келеді. Қонақүйге бір тәулігіне 80 доллар төлейді. Минскіде оның бағасы - 60 доллар, Бакуде - 75 доллар, Ереванда - 65 доллар, Ташкентте - 45 доллар, Алматыда - 70 доллар, Кишиневте - 35 доллар, Бішкекте - 32 доллар, Киевте - 50 доллар, ал Ашхабадта 30 доллар тұрады.

Яғни туристер үшін ТМД-ның ең арзан қалалары - Ашхабат пен Бішкек болса, ең қымбаттары - Астана мен Баку. 

Соңғы жаңалықтар