Астана тұрғынынан 140 мың доллардың есірткісі тәркіленді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлері ірі есірткі тасымалының жолын кесті. Тәркіленген 140 келі гашиш үшін көлеңкелі нарықтан 140 мың АҚШ долллары көлемінде қаржы табуға болатын еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Аршалы мен Жақсы аудандарының аумағында екі сәтті операция ұйымдастырды. Осы шаралардың нәтижесінде ірі есірткі партиясын заңсыз саудалап және сатып келген деген күдікпен бір топ адамдар қолға түсті.

«16 наурызда Аршалы ауданында полиция қызметкерлері «Екатеринбург - Алматы» трассасының бойынан «Мерседес Бенс» маркілі көлігін тоқтатты. Көлікті Астананың 34 жастағы тұрғыны басқарып келген. Көліктің фургонын тексеру барысында 5 қорап, рюкзак пен полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Олардан гашиш есірткісі шықты. Тәркіленген есірткінің салмағы 140 кг 530 грамм болды. Мұндай көлемдегі есірткімен көлеңкелі нарықтан 140 мың доллар табуға болатын еді»,-деді өңірдің ІІД-нің өкілдері.

Аталған факті бойынша, ҚР ҚК-нің 296 бабы, 4 бөлігі (Есірткілік заттарды сату үшін заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Осы күні Жақсы ауданының аумағында полиция қызметкерлері 264 грамм гашиш саудаламақ болған ұсталған топтың тағы бір мүшесін қолға түсірді. Оның үйін тексеру барысында есірткілік заттар мен тапанша және оның оқтары табылды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жедел тергеп-тексеру шараларын жалғастыруда. Күдіктілер қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар