Астана тұрғынын алдап кеткен алаяқ іздестірілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың тәртіп сақшылары көшеде бейтаныс әйелді алдап, ақшасын алып кеткен алаяқты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Астана қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елорданың тәртіп сақшылары алаяқтық бабына сәйкес күдіктіні ұстау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Құқық қорғаушылар тұрғындардан  аталған күдіктіні қолға түсіру үшін көмектесуін сұрайды. Астана қаласы тұрғыны белгісіз ер адамның Сейфулин көшесінде өзін алдап, ақшасын алып кеткенін хабарлаған. Аталған факт бойынша «Сарыарқа» аудандық ІІБ-да ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.

Аталған жағдайға қатысты жасы 40-42 шамасындағы, орта бойлы ер адам іздестірілуде. Ол қара түсті күрте, қара бас киім киген. Көзінде көру мүмкіндігіне қарай киген көзілдірігі бар.

Астана қаласының ІІД азаматтарға аталмыш жағдайға қатысты қандай да бір ақпарат болса, «Сарыарқа» аудандық ІІБ-на, (87172)71-66-10, 71-66-11, 71-66-41 теелфондарына хабар беруді сұрайды.

Сонымен қатар, Астана полициясы алаяқтардың алданып қалмас үшін елордалықтарды сақ болуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар