Астана тұрғыны Алматы облысының полициясымен төбелесіп, көлігін соқты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Астана қаласының 38 жастағы тұрғыны мас күйінде полиция қызметкерімен төбелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Кербұлақ ауданы Басши ауылының маңында болған. Тәртіп сақшылары кезекті рейд кезінде «Тойота Авенсис» автокөлігін тоқтатқан. Машина тоқтау барысында полицейлердің қызметтік көлігін соққан.

Тексеру барысында көлікті жүргізген азаматтың мас екені анықталды. Сондай-ақ ол қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшылардың біріне жұдырық ала жүгірген. Бұзақы аудан орталығы Сарыөзек ауылына жеткізіліп, медициналық сараптамадан өткізілді. Кейін аудандық ішкі істер бөліміне қамауға алынды.

Билік өкіліне күш көрсеткені үшін Кербұлақ аудандық ІІБ қызметкерлері ҚР ҚК 380-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ ол мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатын жасағаны үшін ҚР ӘК 608-бабы 3-бөлігіне сәйкес жүргізу куәлігінен айрылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар