Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

Астана тұрғындары үшін 30 смарт-сервис жұмыс істейді

 Астана тұрғындары үшін 30 смарт-сервис жұмыс істейді
2017 жылғы 13 қазан 15:34 386

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының тұрғындары үшін 12 категория бойынша 30 смарт-сервис жұмыс істейді. Бұл туралы «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев Астанада өткен дөңгелек үстелде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

«Смарт-Астана» веб-порталы мен мобильдік қосымшасы қолданушыларға елорданың басты смарт-сервистеріне қолжетімділік беру мақсатында құрылған. 7 маусым күні жоба жаңартылды және іске қосылды. Жалпы алғанда, қазіргі уақытта 12 санат бойынша 30 қызмет жұмыс істеп тұр. Оларды 113 мыңнан астам тұрғын мобильдік құрылғыларына жүктеп алған», - деді О.Сартаев.

Оның айтуынша, Астананың 109 қызметіне өтініш беру процессін автоматтандыру, мобильдік қосымшалар арқылы халықтың жергілікті атқару органдарымен байланысын жақсарту және жылдамдату интеллектуалдық ассистенттердің негізі болды.

Сондай-ақ, «Astana Innovations» басшысы пәтер иелері кооперативінің жұмысын автоматтандыру және тұрғындар пен кооперативтің өзара әрекеттестігін оңтайландыру бойынша қолға алынған е-КСК жобасы туралы айтып берді. Мәселен, енді пәтер иелері кооперативіне барып, жиналысқа қатысудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, е-КСК көмегімен басқарушы компаниялар мен ПИК қаржылық есебін бақылап отыруға болады. Аталған жоба әзірге Астанадағы 436 кооперативтің 255-ін, яғни 1 200 тұрғын үйді қамтып отыр.

 

 

 

Басты сөздер: Интернет, Астана, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер