«Астана-Теміртау» аралығындағы автобан қараша айында ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-Теміртау» тасжолы қараша айында қозғалыс үшін толығымен ашылады.

Бұл туралы бүгін «ҚазАвтоЖол» компаниясының Ақмола облысы бойынша филиалының басшысы Талғат Смағұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Филиал директорының сөзінше, құрылыс жұмыстары 90%-ға аяқталған. Болашақта автобан ақылы болады деп жоспарлануда.

null  

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында "Орталық-Оңтүстік" дәлізін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. "Астана-Теміртау" учаскесі аяқталуға жақын. Жол бірінші теxникалық "А" санатына жатады. Астанадан Теміртауға дейін созылып жатқан жолдың жалпы көлемі 171 шақырым. Жол құрылысының негізгі жұмыстары аяқталуда. Қазіргі уақытта қоршаулар, жолақтар салу және магистральді қардан қорғайтын бөгет тұрғызу сияқты ұсақ жұмыстар қалды. Бұл жұмыстар толығымен қараша айында аяқталады және Астанадан Теміртауға дейін төрт жолақ бойынша қозғалыс толық ашылады", - деді тілшілерге берген сұxбатында.

null  

Сонымен қатар жолдың бірқатар учаскелеріне жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Аршалы және Ошағанды ауылдарында жол бойынан жылыту қызметін көрсететін 2 автотұрақ салу жоспарлануда.

Жолды қалпына келтіру жұмыстары 2013 жылы басталған болатын. Қазіргі кезде жол жөндеу жұмыстарына 2 мыңға жуық адам тартылып отыр.

Айта кетейік, «Астана-Қарағанды» автобанының құрылысына 18 млрд. теңгеге жуық қаражат бағытталды. Жұмыстар толығымен 2016 жылдың соңына қарай аяқталуы тиіс еді. 

 

null null null null null null null null null null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар