Астана талапкерлері үшін ҰБТ-ның бірінші күні қалай өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағымдағы жылы талапкер атанғандар өзінің өміріндегі алғашқы маңызды тестілеу жайында пікірлерімен бөлісті. Әлібек Армидің пайымынша, тест тапсыру аса қиындық тудырмаған екен.

«Тестілеу қиын деп айта алмаймын, барлық сұрақтар таныс болды. Қателікке жол бергім келмегендіктен, жауаптарымды қайта-қайта тексердім, сондықтан сынақты ұзақ тапсырдым. Жөнсіз сұрақтар кездеспеді. Менің ойымша, 100-ден астам балл жинай алдым», - деп сенімді болашақ студент.

Дәл осындай пікірді Мәлика Сарина есімді талапкер де ұстанып отыр. «Бүгінгі тестілеуден еш қиғалған жоқпын», - дейді ол.

Ал Ербота Наурызханова тапсырмалар оңайға түспегенін айтуда.

«Тест тапсыру жеңіл болмады, тапсырмалар қиындау екен. Жөнсіз сұрақтар мүлдем кездеспеді, жалпы бүгінгі сынақты өзім жақсы бағалап отырмын. ҰБТ тапсыратындар өте көп болды, тек біздің аудиторияда 90-ға жуық адам отырды», - деді ол.

Талапкерлер ҰБТ тапсырып жатқан кезде олардың ата-аналары ғимарат сыртында балалары үшін уайымдап жүргенін байқауға болады.

«Балам таңдаған мамандығына түсетінін немесе түспейтінін нақты айта алмаймын. Осыған дейін ҰБТ тапсырмағандықтан, тұғыш қызым үшін қатты алаңдап жүрмін», - дейді Дмитрий.

Қайыргелді Қылышевтың сөзіне қарағанда, өткен жылы тестілеуді оның ұлы тапсырған екен, ал биыл қызы осы сынаққа барған.


«Осы оған бір жыл дайындалдық, қосымша дайындықтарға барды. Қызым медициналық университетке оқуға түскісі келеді. Биылғы сынақтың ерекшелігіне тоқталатын болсам, ҰБТ-ға мектеп етихандары қосылды. Осы тұрғыда біршама қиындау болды», - деп ойымен бөлісті Қылышев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күні өтті. 20 маусымда тестілеуге Қазақстан бойынша 16 мыңнан астам талапкер қатысты. Жалпы, биыл 92 826 талапкер тестілеуге тіркелген.

Соңғы жаңалықтар