«Астана су арнасы» xалыққа 216 миллион теңге қайтаруға міндеттелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде монополистер тарифтерге тапсырыс бергенде оның ішіне өз нысандарын жаңғырту мен жөндеуге кететін шығындарды да кіргізеді. Ал ол шаралар орындалмаса, тариф арқылы xалықтан жинаған ақшаны қайтаруы тиіс. Бұны ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті бақылайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша Астанада сумен қамту субьектісі ("Астана Су Арнасы" - авт.) тарифтен түскен ақшаны қайтаруға міндеттелді. Оның шамамен 216 млн теңге көлемінде негізсіз табыс тапқаны анықталды. Бұл дегеніміз, тарифпен ақша жиналды, бірақ тиісті шаралар атқарылған жоқ. Ондай жағдай Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында тіркелді", - дейді комитет төрағасының орынбасары Асан Дарбаев.

Оның айтуынша, монополист жарты жыл сайын интернет арқылы инвестициялық бағдарламаларын орындау барысы жайында есеп беруге міндетті.

Айта кетейік, биыл жылу беру саласындағы монополистер де артық төленген ақшаны қайтаруы тиіс. Республика бойынша ол соманың көлемі 900 млн теңгеден асады. Жылу маусымы кезінде даладағы ауа температурасы әрқилы болатындықтан, монополистер жыл сайын xалықтан түскен ақшаны қайта есептен артығын қайтаруы тиіс. Бұл - заңның талабы. Бұған дейін табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті кімге қанша ақшаның қайтарылатынын жариялаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар