Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -6 °С
Алматы: 1 °С
USD 319.88 EUR 394.41
RUB 5.65 CNY 50.42
Жаңалықтар

«Астана Су Арнасы» құм аралас ауызсуға қатысты жауап берді

2018 жылғы 13 ақпан 18:09 983
Бөлісіңіз:
«Астана Су Арнасы» құм аралас ауызсуға қатысты жауап берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Су Арнасы» компаниясының баспасөз хатшысы Назгүл Тәліпова «Сауран-20» көппәтерлі үйдегі құм аралас суға қатысты арыздардың өткен жылы қазан айынан бастап түскенін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теміржол бойынан табылған мәйіттің кім екені анықталмай жатыр Павлодарда полицияның мәйіті табылды

«Сол кезде біздің зертханамыз сынамаларды алып, ауыз судың құрамында құмның бар екенін растады. Одан кейін ол үйге қосымша фильтрлер қойылған болатын. Енді, қайтадан құм шықты деген арыздар түсе бастады. Қазіргі кезде біздің мамандарымыз тағы фильтр қою мәселесін пысықтап жатыр. Енді, тағы суды сөндіріп, қосымша фильтрлерді қою қажет. Одан кейін судың сапасын бақылаймыз», - деді Н.Тәліпова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, құмның шығу себебін маңайдағы желілерден іздеу керек. Себебі «Сауран 20»-ның жанындағы барлық желілер жаңадан тартылған болатын. Бір жерден ақау шықса, құбырға құм кіреді.

«Мысалы, су магистральмен келеді. Егер кварталдың ішіндегі желілер дұрыс жалғанбаса, екі құбырдың арасындағы титтей бір тесіктен құм кіреді. Негізі, үш-төрт ай бұрын Сауран көшесінде құбыр жарылған. Содан болды ма, оны анық айта алмаймын. Сондықтан үйдің өзін, жанындағы желілерді жан-жақты тексеру керек. Сол кезде белгілі болады», - деп атап көрсетті Н.Тәліпова.

Айта кетейік, ҚазАқпарат агенттігіне Сауран 20 мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі үйдің тұрғындары арызданып, төрт айдан бері құм аралас суды ішіп жатқандарын жеткізді.

«Өткен жылы күз айында суық суды қосқанда құм шыға бастады. Оның өзін бірден байқаған жоқпыз. Оған дейін тамақ әзірлеуге пайдаландық. Бір күні ыдыс-аяқ жуып жатқанда ақ кесенің түбіндегі құмды байқадым. Бірден дабыл қағып, қызмет көрсетуші компанияға хабар бердік. Алайда бір күн өтті, екі күн өтті, бір апта, төрт ай болды, құм толастайтын емес. Кір жуғыш машинкаларымыз бітеліп жатыр. Ауыз шаюға, тіс жууға қорқамыз. Унитаздың су жинағышы құмға толып кетті. Сұмдық қой! Астананың қақ ортасында отырып, құм аралас суды ішіп отырмыз», - дейді Гүлмира есімді тұрғын.

 

 

 


Басты сөздер: Астана, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат