«Астана» - «Спортинг» матчын бүкіл әлем тамашалайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА Еуропа лигасы 1/16 финалы аясындағы  «Астана» мен Португалияның «Спортинг» командасы арасында өтетін алғашқы ойыннан әлемнің бес құрлығына тікелей трансляция жасалады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Астана» ФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан футболы үшін жаңа тарихи кезеңнің бетін ашқан матч: Еуропа, Азия, Солтүстік Америка, Кариб бассейні, Оңтүстік Америка, Африка құрлығына тікелей эфирде көрсетіледі», - дейді клубтың баспасөз хатшысы Асқар Хамиденов.

Қонақ команданың отанында «Sport TV 1 Portugal» телеарнасы эфирге береді. Матчты ТМД елдері аумағына «Матч! Футбол 2» және «Футбол 2» (Украина) арналары, Скандинав түбегі елдеріне «Eurosport Player», Ұлыбританияға «BT Sport 2», Балқан түбегіне «Klik Sport», Таяу Шығысқа «beIN Sports Connect», Үндістанға «Sony Ten», Қытайға «PPTV Sport», АҚШ, Орталық және Оңтүстік Америка аймағына «Fox Sports 2», Африка құрлығына «SuperSport 5 Africa» телеарналары ұсынады.

Қазақстанда дүбірлі доданы «QazSport» телеарнасы көрсетеді. Эфир Астана уақытымен 21:50-де басталады.

Соңғы жаңалықтар