Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -26 °С
Алматы: -10 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

Астана - Спортинг футбол матчына арнайы автобустар қатынайды

2018 жылғы 14 ақпан 21:50 470
Поделиться:
Астана - Спортинг футбол матчына арнайы автобустар қатынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада өтетін Астана - Спортинг футбол матчына арнайы «Shuttle-Bus» автобустары бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Astana LRT» компаниясына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда автокөлік құжатын интернет арқылы рәсімдеуге болады - Асқар Жұмағалиев Қостанайлықтар 2 айда 23 млн теңгеге көлік нөмірлерін сатып алған

«2018 жылы 15 ақпанда «Астана» - «Спортинг» («Астана-Арена» стадионы) футбол матчының өтуіне байланысты қалада арнайы «Shuttle-Bus» автобустарының жұмысы ұйымдастырылады», - деп хабарлады Astana LRT әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

«Астана-Арена» стадионына баратын автобустар кешкі сағат 20:00-21:00 аралығында төмендегі автотұрақтарға келеді:

• «Қазақстан» спорт кешені;
• «Нұр Астана» мешіті;
• «Жастар» сарайы;
• «Астаналық цирк».

Арнайы «Shuttle-Bus» автобустарындағы жол жүру ақысы қоғамдық көліктердегідей 90 теңге.

Еске сала кетсек, португалиялық «Спортинг» клубы «Астананың» Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы саналады. Командалар 15 ақпанда Қазақстанда, 22 ақпанда - Португалия астанасы Лиссабонда кездеседі.

Матч өтетін күні Астананың Тұран және Қабанбай даңғылдарында сағат 21.00 мен 00.00 аралығында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады.

Сонымен қатар, Тұран және Қабанбай көшелерінің бойына, «Сарыарқа» велотрегі, «Астана-Арена», «Барыс-Арена» және «Алау» спорт кешендеріне тиесілі учаскелерге көлік қоюға тыйым салынатыны хабарланды.

 

 

 

 


Басты сөздер: Қоғам, Көлік, Спорт, Астана,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Онлайн қызметкерлер
Мұрағат