Астана соты құрылысы аяқталмаған «Абат» тұрғын үй кешенін үлескерлерге берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот құрылысы аяқталмаған «Абат» тұрғын үй кешенін үлескерлерге берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Астананың экономикалық соты елорда прокурорының «Сәтті үй» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің 130-дан астам мүшелерінің талабын қанағаттандырды. «Төленді» ТҚК-ның жауапсыз салушысы А.С.Байжұмановтан 800 миллион теңге көлемінде залал сомасы өндіріп алынды», - делінген хабарламада.

«Сәтті үй» кооперативіне өндіріп алынған сома ретінде құрылысы аяқталмаған «Абат» тұрғын үй кешені жер учаскесімен бірге берілді. Қазіргі таңда тұрғын үй кешінінің жарнашылары құрылысты аяқтауға жаңа инвесторды (салушы) тартуға мүмкіндік алды.

Еске салайық, шілде айында үлескерлердің қаржысын жымқырғаны үшін «Төленді» ТҚК басшысы А.С.Байжұманов 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Соңғы жаңалықтар