Астана-Шарджа рейсінің жолаушылары екінші мәрте ұша алмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таңертең кейінге шегерілген Астана-Шарджа рейсінің жолаушылары 16 сағаттан кейін елордадағы әуежайдан Біріккен Араб әмірліктеріне екінші мәрте ұшуға әрекеттері сәтсіз болды. Бұл туралы осы рейстің жолаушысы ҚазАқпарат тілшісіне хабарлады.

«Сағат 19:35-да отырғызу жүргізілді. Сағат 20:04-де ұшақ әуежай ғимаратынан жылжып кетті. Билеттерде ұшу уақыты деп сағат 20:30 көрсетілген. 20:43-де техникалық ақау туралы хабарланған. 21:00-де бәрі сыртқа шықты. Компания әзірге түсініктеме бермеді. Бірақ барлығы қозғалтқышта ақау бар дегенді айтуда», - дейді жолаушы Ринат Дусумов ашгенттік тілшісіне.

Атап өтерлігі, Шарджаға қайтадан ұшу Астана уақытымен кешкі 20 сағат 30 минутқа жоспарланған болатын.
Ресй жолаушылары үшін мынадай мәлімет берілді: «Техникалық себептерге байланысты ұшу кейінге қалдырылды. Осы компанияның (Air Arabia - авт.) ұшағымен ұшқысы келетін жолаушыларға бортта қалуын сұрады, ал одан бас тартатындар қол жүгін алып бортты тастап кетуін сұрады», - дейді Ринат Дусумов. 

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Астана  әуежайында Шарджаға бармақ болған 89 жолаушы ұша алмай қалды.

Air Arabia әуекомпаниясының өкілі Гүлмира Ахметованың айтуынша, ұшаққа кіретін есік қатып қалған.

«Біз оны жылыта алмадық. Рейс 10 сағатқа кейінге шегерілді. Жолаушылар қонақ үйге орналастырылады»,- деді Г. Ахметова.

Айта кетсек, сенбі таңертең Астанада -26 градус суық болды. 

Соңғы жаңалықтар