Астана-Щучинск трассасы көктайғақтың салдарынан жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктайғақтың салдарынан Астанадан Щучинскіге дейінгі автожол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазавтожол» ЖШС-не сілтеме жасай отырып.

Ведомствоның хабарлауынша, жол барлық көлік түрлері үшін сағат 21-00-ге дейін жабық.

Осыған дейін көктайғақтың салдарынан Қостанай облысындағы жолдан 8 фураның ұшып кеткендігі айтылған болатын. Қазіргі таңда осы бағыттағы жол барлық көлік түрлері үшін ашық.

Соңғы жаңалықтар