«Астана» сапы жаңа футболшымен толықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубы Қазақстан жастар құрамасының шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Юрий Перцухпен келісімшарт жасасқанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ю.Перцух алматылық ЦСКА командасының тәлімгері. Сонымен қатар ол Қазақстанның бірінші лигасында елордалық «Бәйтерек» және петропавлдық «Қызылжар СК» командасында ойнаған.

2017 жылдың маусымында 21 жастағы жартылай қорғаушы Қазақстанның премьер-лигасында Оралдың «Ақжайық» командасында өнер көрсеткен болатын. Аталған маусымда ол оралдықтардың сапында Қазақстан премьер-лигасы мен кубогында 26 ойын өткізіп, 2 рет гол соққан. Сондай-ақ 3 рет нәтижелі пас берген. Осы нәтижелерінің арқасында ол командасының үздігі атанған.

Ю.Перцух 17-19 жастағы Қазақстанның жастар құрамасы сапында өнер көрсетіп, мол тәжірибе жинаған. Сонымен қатар ол осы маусымда еліміздің жастар құрмасына тұрақты түрде шақырту алып, Еуропа чемпионатының біліктілік турында 5 рет өнер көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар