Астана - ресейлік туристер үшін ТМД-дағы «люкс» қалалардың бірі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік туристер көктемгі саяхаттар кезінде ТМД елдерінің Минск, Астана және Баку қалаларын жиі таңдайды. Бұл туралы «ТурСат» талдау агенттігінің рейтингінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейде мамыр айындағы мерекелер 29 сәуірден 2 мамырға дейін, сондай-ақ 9 мамырда өтеді.

Рейтинг 2018 жылдың көктеміндегі туристік саяхаттарды талдау нәтижелеріне негізделе отырып жасалған.

ТурСаттың мәліметтеріне қарағанда, демалыс күндері саяхаттайтын ресейлік туристер ТМД қалаларын жиі таңдайды. Көктемде туристер ТМД қалаларына орташа үш күнге барып, күніне шамамен 65 доллар жұмсайды.

ТМД-да Кишинев, Бішкек және Ташкент саяхаттауға арзан қалалар болса, «люкс» турлар тізімінде Астана мен Баку көш бастады.

2018 жылғы көктемде туристер арасындағы ТМД-ның ең танымал 10 қаласы:

Минск (Беларусь)

Астана (Қазақстан)

Баку (Әзербайжан)

Ереван (Армения)

Алматы (Қазақстан)

Ташкент (Өзбекстан)

Кишинев (Молдова)

Бішкек (Қырғызстан)

Душанбе (Тәжікстан)

Ашхабад (Түрікменстан).

Соңғы жаңалықтар