Астана прокурорлары алданған үлескерлердің құқықтарын қорғап қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана прокуратурасы алданып қалған үлескерлерді қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты елордалық прокурорлардың «Аниса - біздің үй» атты тұрғын үй кооперативінің мүддесіне орай, «Төленді», «Астана Нұрыkz», «Алматау 2000» және «Профлайн групп» компанияларының үстінен түсірген 1 миллиард теңге қарызды қайтару және «Аниса 2» мен «Аниса 3» тұрғын үй кешендерін жер учаскесімен бірге тәркілеу туралы арызын толық қанағаттандырды.

Сот үкімі бірден атқарылуға жатады.

Сот актісі алынғаннан кейін, «Аниса - біздің үй» атты тұрғын үй кооперативі аталмыш тұрғын үй кешендерін әділет органдарында тіркеу рәсімін бастайды. Кооператив енді бұдан былай тұрғын үй құрылысын аяқтау жұмысын өздігінен жүргізе алады. Құрылысқа инвестор тарту құқығы да бар.

Соңғы жаңалықтар