Астана процесіне қатысушылардың екіжақты кездесулері өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана процесіне қатысушылардың екіжақты кездесулері өтуде. Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ануар Жайнақов мәлім етті, деп  хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келіссөздер басталды. Қазіргі уақытта келіссөздерге қатысушылардың арасында екіжақты кездесулер өтіп жатыр. Негізгі мәселе - деэскалация аймағының шекарасын анықтау. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, кездесудің жалпы отырысы сағат 16:00-ге белгіленіп отыр», - деді Ануар Жайнақов БАҚ өкілдеріне.

Айта кетейік, кеше Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астана процесінің күн тәртібі жайындағы деректерменбөліскен болатын.

Соңғы жаңалықтар