Астана процесі өте үлкен дипломатиялық жетістіктің белгісі - шетелдік сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барселонадағы Халықаралық процестерді зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Николас де Педроның айтуынша, Сирия жөніндегі келіссөздердің Астанада өтуі - Қазақстанның өте үлкен дипломатиялық жеңісі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл келіссөздер Сириядағы соғысты тоқтатудың негізін қалай ала ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді. Ал, келіссөздердің Қазақстанда өтуі - сөзсіз, өте үлкен дипломатиялық жеңіс»,-дейді шетелдік сарапшы.

Николас де Педроның пайымынша, Астана өзінің сенімді делдал екенін көрсетіп отыр.

«Астана осындай қиын келіссөздерді қабылдай отырып, өзін өте құрметті және сенімді делдал және де дипломатиялық тығырықтан шығаратын дипломатиялық мүмкіндіктері бар тарап ретінде көрсетіп отыр»,-дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның елордасында Астана процесі басталды.

Соңғы жаңалықтар