Астана процесі: Кепіл мемлекеттер СІМ басшыларының кездесуі наурызда өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінде Сириядағы ахуалды реттеу бойынша Астана процесі аясында кепіл мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі өтетін болжалды дата аталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бұдан бұрын хабарланғандай, бізге кепіл мемлекеттердің СІМ басшыларының кездесуін өткізу туралы ұсыныс түсті. Осы кездесуді наурыздың ортасында өткізу нұсқасы да болды. Біз осы кездесудің барлық қатысушыларының өтетін датаны ресми растағанын күтіп отырмыз», - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кепіл мемлекеттер Астана келіссөздерінің кезекті раундын өткізу уақытын шегерген еді. Олар Астанадағы келіссөздер аясында, алдымен, сыртқы істер министрлерінің басын қосуға ниетті. 

Соңғы жаңалықтар