Астана процесі: Қазақстанға Сирия оппозициясының делегациясы келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана процесіне қатысушылардың сапары туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті.

«Осы уақытта елімізге Ресей, Түркия, Иран елдері мен БҰҰ-ның Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура және Сирия оппозициясының өкілдері келді»,-деп нақтылады Әнуар Жайнақов. 

Ол сонымен қатар бүгін кешке дейін елімізге Сирия үкіметі делегациясының келетіндігі туралы айтты.

«АҚШ-тың атынан Сирия мәселесі бойынша өтетін келіссөздерге осы елдің Қазақстандағы елшісі қатысады»,-деп жалғастырды Жайнақов.

Сирия мәселесі бойынша өтетін халықаралық келіссөздер Астанада 23 қаңтар күні басталады.

Соңғы жаңалықтар