Астана процесі: БҰҰ-ның арнайы елшісі жексенбіге қараған түні келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сириялық оппозиция өкілі мен БҰҰ-ның арнайы елшісі Стаффан де Мистура Астанаға жексенбіге қараған түні ұшып келу тиіс. Ал жексенбі күні САР үкіметінің өкілдері келуі керек. Бұл туралы РИА Новости ҚР СІМ ресми өкілі Ануар Жайнақовқа сілтемемен хабарлады.

«Бүгін түнде Сириялық оппозиция өкілі мен БҰҰ-ның арнайы елшісі Стаффан де Мистура Астанаға келуі тиіс. Ертең Астанаға САР үкіметінің өкілдері келуі керек», - деп мәлім еткен Жайнақов.

Осы сәтке дейін Ресей, Иран және Түркия елдерінің өкілдері келіп қойды.

Сирия мәселесін реттеу бойынша халықаралық кездесу Астанада 23 қаңтар күні басталады. 

Соңғы жаңалықтар