Астана процесі: БҰҰ-ның арнайы елшісі Стаффан де Мистура Қазақстанға келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның арнайы елшісі Стаффан де Мистура сенбіден жексенбіге қараған түні Сириядағы жағдайға байланысты халықаралық келіссөздерге қатысу үшін Қазақстанға келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Стаффан де Мистура, Астанада Сирия мәселесі бойынша өтетін келіссөздерге қатысу үшін Қазақстанға қош келдіңіз!» делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің твиттердегі хабарламасында.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов осыған дейін түнде БҰҰ-ның арнайы елшісі Стаффан де Мистура мен Сирия оппозициясы өкілерінің Қазақстанға келетіндігін хабарлаған болатын.

Айта кетейік, Астанада Сирия мәселесі бойынша өтетін халықаралық келіссөздер 23 қаңтар күні басталады.

Соңғы жаңалықтар