Астана процесі бойынша қорытынды құжатқа қол қойылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана процесі бойынша қорытынды құжатқа қол қойылуы мүмкін. Бұл жайында ҚазАқпарат тілшісіне келіссөздерді ұйымдастыру шараларына қатысы бар дереккөз мәлім етті.

«Қазіргі уақытта кепілгер елдер делегациялары БҰҰ жәрдемімен кездесудің қорытынды құжаты жобасымен жұмыс жасауда. Онда қол жеткізілген уағдаластықтар белгіленуі мүмкін», - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, Астана процесіне 7 тараптың өкілі қатысуда. Атап айтқанда, Сирияның үкіметтік делегациясын БҰҰ жанындағы осы елдің тұрақты өкілі Басар аль-Джафари басқарады. Сириялық оппозиция делегациясында шамамен 15 оппозициялық топтың өкілі бар. Ресей делегациясына РФ Президентінің сириялық реттеу мәселелері жөніндегі арнаулы өкілі Александр Лаврентьев басшылық жасауда. Түрік және иран делегацияларының басшылары аталған мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары - Седат Онал мен Садек Хусейн Джабери Ансари. Мұнан бөлек, сириялық дағдарысты реттеу процесіне БҰҰ бас хатшысының Сирия жөніндегі арнаулы өкілі Стаффан де Мистура мен Қазақстандағы АҚШ Елшісі Джорд Крол де қатысып отыр.

Соңғы жаңалықтар