Астана процесі: баспасөз орталығы дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Сирия дағдарысы бойынша Астана процесіне қатысушы тараптардың төрт көзі түгел жиналды. Соңғы болып Сирия үкімет мүшелері елордаға ат басын тіреді. Бұл ақпаратты Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін Сирия оппозициясы мен Түркия, Иран және Ресей елінің өкілдері мен БҰҰ-ның Сирия мәселелері бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура да Астанаға табан тіреген болатын.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, ертеңгі келіссөзден хабар тарату үшін Астанаға 25 елден 380-ге жуық тілші келген. Келіссөзге арналған арнайы баспасөз алаңы «Қазмедиа» орталығының ғимаратында дүйсенбі күні сағат 09:00-де өз жұмысын бастайды.  

Соңғы жаңалықтар