Астана процесі аясындағы кезекті кездесудің өтетін күні белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана процесі аясында Сирия мәселесі бойынша кезекті кездесу 14-15 қыркүйек күндері елордада өтетін болды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Гарант-мемлекеттер келтірген мәліметке сүйенсек, бұл жолғы кездесуде деэскалацияны бақылау күштерінің әрекетін реттейтін бірқатар құжаттар қаралады.

«Кездесуге қатысушылар Идлиб, Хомс және Шығыс Гуттегі деэскалациялық аймақтардың картасын жасамақ. Координациялық орталық, тұтқындарды босатумен айналысатын жұмыс тобы, қайтыс болғандардың денесін алмасу туралы жобалар қаралмақ», - делінген ҚР СІМ хабарламасында. 

 Одан бөлек, тараптар Сириядағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне кірген тарихи ескерткіштерді минадан тазарту жөнінде екіжақты үндеу жариялайды деп күтілуде. Сондай-ақ, маңызды кездесудің алдында, 13 қыркүйек күні гарант-мемлекеттер бірлескен жұмыс тобының отырысын өткізбекші. 

Соңғы жаңалықтар