Астана полициясы адасып қалған Милананың әкесін тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері Астанада 7 күн бұрын табылған Милананың әкесін іздеп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана қаласының полицейлері 10 тамыз күні шамамен түнгі бірде Қабанбай батыр даңғылының бойынан табылған бүлдіршіннің әкесін тапты. Қазіргі уақытта бүлдіршіннің анасының да аты-жөні анықталды, ол - Дамиля Ахметшина, 1988 жылы туған Павлодар облысының тұрғыны. Баланың анасын табу бойынша іздестіру шаралары жүріп жатыр», - делінген мекеме жолдаған хабарламада.

37 жастағы Павлодар тұрғыны Вячеслав Гераськоның айтуынша, Милананың анасымен азаматтық некеде болған және екі жыл бұрын айырылысқан. 2015 жылы әйелі кішкентай Миланамен Теміртаудан Астанаға кеткен және содан бері сөйлеспеген.

Ер адамның айтуынша, әйелі спиртті ішімдіктерге әуес болған. Астана полицейлерінің Милананың туыстарын іздеп жатқанын В.Герасконың танысы БАҚ-тан көрген және Вячеславқа хабарлаған.

Бүлдіршін әзірге кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында қалады. Ер адамның тұрақты мекендейтін орны жоқ және жұмысы да тұрақсыз. Қазіргі уақытта ол Қарағанды облысы Осакаровка ауданындағы ауылдардың бірінде құрылыс нысанында жұмыс істеп жүр.

Соңғы жаңалықтар