Астана полицейлерінің акциясы қала тұрғындарын шошытты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда тұрғындары жол апатына ұшыраған көліктерді жұртшылыққа көрсеткен полицейлердің акциясына шошына қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Таңертең агенттік редакциясына бұл жағдайды көрген адамдар хабарласып, апатқа ұшыраған көліктерді артып алған бірнеше эвакуаторлар жайында айтып берді. Қала тұрғыдары бұл ірі жол-көлік апаты бүгін қала аумағында орын алды деп ойлаған.

Өз кезегінде Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі бұл шара "Қауіпсіз жол жүрісі" апталығы республикалық науқаны аясында ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Бүгінгі акцияны жол-көлік апатынан құрбан болғандарды еске алу мақсатында Жергілікті полиция қызметі мен Әкімшілік полиция басқармасы өткізді. Полицейлер жол апатына ұшыраған бірнеше көлікті эвакуаторларға тиеп, қала көшелерімен жүріп өтті.

Осындай шара арқылы полицейлер қоғамның назарын жол апаттарының салдарына аударғысы келген. Олардың пайымынша,  жол жүрісіне қатысушылар өзара іс-қимыл жасауға, жол қауіпсіздігін сақтау мен жүргізуші мәдениетін арттыруға ерекше мән беруі тиіс.


Акция Астананың негізгі көшелерінде өтуде. ЖКО салдарынан қираған көліктердің керуені  Жастар сарайынан басталды. Кейін эвакуторлар шеруі Республика даңғылы,Тәшенов, Тәуелсіздік, Б. Момышұлы, М3 көпірі, Мәңгілік Ел,  Достық, Қабанбай батыр, Қонаев, Тұран, Сарыарқа, Бөгенбай даңғылдарымен жалғасты.

Соңғы жаңалықтар