Астана полицейлері 8-қабаттан секірмек болған қызды құтқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада учаскелік полицейлер «Столичный» тұрғын үй кешенінде болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды.


Елордалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері учаскені аралау кезінде бір қызды көріп қалған. Ол 8-қабаттың кіре берісіндегі балконда тұрған.

 Полиция аға лейтенанты Темірхан Қайырбеков пен полиция капитаны Асқар Папышев еш уақыт жоғалтпастан тездете 8-қабатқа көтеріліп,  балконның жақтауына шығып, секірмек болған қызды ұстап үлгереді»,- делінген хабарламада. 

28 жастағы қыздың түсіндіруінше, ол өзінің жігітімен ұрсысып қалған. Полицияның дерегіне қарағанда, қазіргі уақытта оған  психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар