Астана-Петропавл трасасында патрульдік полиция көлігін қағып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында «Астана-Петропавл» тасжолының бойында жол-патрульдік полиция батольонының көлігіне соғылған Skoda Rapid көлігінің жолаушысы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 қаңтар кешкі уақыт 19:00-де Шортанды аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне орталық аудандық ауруханада 1980 жылы туған ер адамның дене жарақтынан көз жұмғаны туралы ақпарат түскен.

«Тексеріс барысында сол күні сағат 17:45-тер шамасында «Астана-Петропавл» тасжолының 82 шақырымында «Мерседес» көлігінің 1964 жылғы жүргізушісінің рөлге ие бола алмай жол жағасындағы қоршауға соғылғаны анықталды. Оқиға орнына полицияның аға сержанты тізгіндеген «Skoda Superb» көлігімен жол-патрульдік полиция батольоның қызметкерлері келіп, көліктерін жолдың он жағындағы арнайы жолақ тұсына қояды да өздері жол қозғалысын реттеуге кіріскен.

Сол кезде, жол апатына байланысты материалдар жинастырып жатқан олардың көлігіне Көкшетау қаласының 50 жастағы тұрғыны тізгіндеген Skoda Rapid көлігі келіп соғылады. Көк тайғақ пен ақтүтек боранның салдарынан соғылған соңғы көліктің ішінде отырған жолаушысы зардап шегіп Шортанды аудандық аурханасына жеткізіліп, сонда көз жұмды. Сараптама нәтижесі көрсеткендей көлік жүргізушісі сау болған. Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345 бабаның 3 бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізілуде», деп түсіндірді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар