Астана - Петропавл бағытындағы жол жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығынан «Астана-Петропавл» трассасы жабылды, деп хабарлайды Астана ІІД жергілікті полиция қызметі. Бұған дейін ҚазАқпарат ТЖ Комитетіне сілтеме жасай отырып, республиканың төрт облысындағы автожолдардың жабылғанын хабарлаған еді.

20 қаңтардан бері Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, жол көрінісінің шектелуі) облыстық маңызы бар «Чарск-Бакырчик» (0-42 км), «Бакырчик-Бурсак» (0-18 км) бағыттары бойынша барлық көлік түрлеріне жолдар жабық.

20 қаңтар күні аталғандармен қоса, 22 сағат 30 минуттан бастап, «Семей-Қарауыл» (0-90 км), «Бородулиха-Жезкент» (0-49 км) автожолдары да барлық көлік түрлері үшін жабық.

Алматы облысында 20 қаңтарда сағат 23-00-ден бастап, ауа райына байланысты республикалық маңыздағы «Сарыөзек-Көктал» (40-80 км) бағытындағы автожолдарында қоғамдық және жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді.

Сонымен қатар, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 108-232 шақырымында да көлік қозғалысына шектеу қойылды. «Жезқазған-Петропавл» жолының 252 шақырымындағы Арқалық қаласынан бастап 377 шақырымдағы Ақмола шекарасына дейінгі аралықта барлық көлік түрлері үшін жол жабық.

21 қаңтарда Ақмола облысы аумағындағы боранның салдарынан «Екатеринбор-Алматы» жолының 917-1006 шақырымындағы Жақсы ауылы мен Атбасар қаласы учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бүгін таңертең «Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолының 0-82 шақырымы, «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолының 232-260 шақырымдары, «Жезқазған-Петропавл» жолының 377-595 шақырымдары және «Екатеринбор-Алматы» жолының 917-856 шақырымдағы бөліктері жабылды.

Соңғы жаңалықтар