Астана-Павлодар жолы жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатты бұрқасынға байланысты «Астана - Павлодар» бағытындағы жол жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «ҚазАвтоЖол» ЖШС-на сілтеме жасап.

«Сағат 17:55-те қатты бұрқасынға байланысты «Астана - Павлодар» бағытындағы тас жол жабылды, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетті», - деп жазылған сейсенбіде таратылған хабарламада.

«Қазавтожолдың» хабарлауынша, ауа-райының күрт бұзылуына байланысты Ақмола, Павлодар облыстарының аумағындағы «Астана-Ерейментау-Шідерті» тас жолының 16-269 шақырмдарының учаскесінде барлық көлік түрлеріне шектеу қойылды.

Соңғы жаңалықтар