«Астана-Павлодар» тас жолын қардан тазартып жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат -  Ақмола облысы аумағы арқылы өтетін «Астана-Павлодар» тас жолының бойындағы қар 20-ға жуық арнайы техниканың көмегімен тазартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының директоры Талғат Назымбековтың айтуынша, қазіргі кезде Астанадан Ерейментау қаласына дейінгі жолдың бойы қардан тазартылып жатыр. Қар тазалау жұмыстарына 20 арнайы техника тартылған. Оған қоса, осы жолдың бойында жергілікті полиция қызметі және ТЖД бөлімшелерінің қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік жасауда.

Қазіргі кезде қатты боранның салдарынан «Астана-Павлодар» тас жолы уақытша жабылды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар