Астана мен Триест ынтымақтастық орнатуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италиядағы Қазақстан Елшісі Сергей Нұртаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Тирольдегі Альто-Адидже провинциясына барып, өңірлік басшылық пен кәсіпкерлік қауымдастығының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Провинция губернаторы Арно Компатшермен кездесуде Қазақстанмен өңіраралық байланыстарды орнатудың басым бағыттары қаралды.  А. Компатшер оңтүстіктриольдік кәсіпкерлер делегациясымен Қазақстанға сапарлауды ұйымдастыруға қызығушылық танытты.

null  

Сонымен қатар, С. Нұртаев Stahlbau Pichler, Leitner, VOG аграрлық кооперативтері сияқты компания өкілдерімен жеке кездесулер өткізді.

Сонымен қатар сапар аясында  С. Нұртаев Трентино-Альто-Адидже Парламентінің спикері Т. Вильдманмен кездесіп, өңірлік жиындағы депутаттардың олардың қазақстандық әріптестерімен байланыс орнату жайын талқылады.

Келесі күні елші Фриули-Венеция-Джулия өңірі кеңесінің президенті Дебора Сераккианимен кездесті. Ол Қазақстанмен ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға ниетті екенін білдірді. Тараптар 2016 жылы 2-4 қарашада өңір басшысы бастаған делегацияның Астанаға келуін талқылады. Бұл сапарда  Фриули-Венеция-Джулия (әкімшілік орталығы - Триест) өңірі мен Астана қаласы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарланған.  

Сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол жеткізілді, соның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен  Триест қаласының университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға келісті.

Соңғы жаңалықтар