«Астана» мен «Селтик» матчын Арбаттағы жазғы кинотеатрдан тамашалауға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 тамызда сағат 00:45-те жазғы кинотеатрда елордалық «Астана» мен шотландиялық «Селтик» футбол клубтарының арасында өтетін ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл туралы Сарыарқа аудандық әкімдігі Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Осы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасында елордалық клуб латвиялық «Спартак» (1:0, 1:1) пен польшалық «Легиядан» (3:1, 0-1) сүрінбей өтті. Ал «Селтик» болса Солтүстік Ирландияның «Линфилд» (2:0, 4:0) пен норвегиялық «Русенборг» (0:0, 1:0) клубтарынан басым түсті. Ендігі кезекте Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алу үшін екі команда күш сынаспақ.

Сарыарқа аудандық әкімдігі барлық футбол жанкүйерлерін өз командасына қолдау көрсету үшін Арбатқа шақырды.

Соңғы жаңалықтар