Астана мен Ерейментау арасындағы жол қысқарады

None
None
АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ- Астана мен Ерейментау арасындағы арақашықтықты бес шақырымға қысқартатын жаңа жол салынуда, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі.

«115-165 шақырымдық учаске жұмысы жеке атап өтуге тұрарлық. Оның ерекшелігі, жолдың жарты бөлігінің жаңадан салынуында, болашақта Ерейментау мен елорда арасындағы арақашықтық 5 шақырымға қысқаратын болады. Ол үшін «АБК-Автодор НС» дивизионының құрылысшыларына бұл өлкенің бай көрінісі болып табылатын төбелердің айтарлықтай мөлшерін кесіп өтуге тура келген», - деп мәлімдеді ВI Road Construction компаниясы баспасөз қызметінің өкілдері.

Автожолдың бұл учаскесі, өз кезегінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы нысандарының тізбесіне кіретін және экономикалық және әлеуметтік маңыздылығы бар «Орталық-Шығыс» елдерінің үлкен қатынау және тасымалдау учаскесі болып табылатын «Астана-Павлодар» бағытының бөлігі болып келетінін атап өтелік. Ол - ені 3,75 метрлік төрт жолақтан тұратын I-A категориялы бетон жол. Бөліп тұратын жолағын қоса есептегенде, көлік өтетін бөлігінің жалпы ені 15 метр. Жамылғысы - қалыңдығы 25 см цементбетон. Бұл учаскеде жоба құжаттамаларына сәйкес 31 су өткізетін құбыр, бес мал өткелі, үш өтпежол, екі көлік жол айрығы және бір көпір салу көзделген.

Бұған қоса, жолдың бір бөлігіне автобус аялдамаларын, автопавильондар, демалыс алаңқайларын салу қарастырылған. Сонымен қатар, бригада жолдың бұл бөлігіне жұмыс аумағына қосымша қардан қорғайтын барьерлер орнатқан, бұл жұмысты бастауға кедергі болатын көктемгі еріген суды күту уақытын барынша азайтатын болады. Бұл учаскенің құрылысы 2018 жылдың көктемінде аяқталады. Астанадан Павлодарға дейінгі жолдың ақылы болатынын естеріңізге саламыз. Оны қайта құрылымдау 2018 жылы аяқталады. 

Соңғы жаңалықтар