Астана мен Алматы ресейлік туристер үшін танымал қалалар бестігіне енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі қаласы Астана мен Алматы ТурСтат сараптамалық агенттігінің 2017 күздегі саяхаттауға қолайлы ТМД қалаларының ішінде ресейлік туристерге танымал ондықтың алғашқы бестігіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2017 жылдың күзіндегі туристерге танымал ТМД қалалары: 1) Минск (Беларусь); 2) Астана (Қазақстан); 3) Баку (Әзербайжан); 4) Ереван (Армения); 5) Алматы (Қазақстан); 6) Ташкент (Өзбекстан); 7) Ашхабад (Түрікменстан); 8) Киев (Украина); 9) Кишинев (Молдова); 10) Бішкек (Қырғызстан), - деп жазады Қазақстанның РФ-дағы елшілігінің сайты . 

«Бұл рейтинг туристерді орналастыру құралдарының онлайн-тіркеу жүйесінің мәліметтеріне сараптама жасау нәтижесі бойынша құрастырылды», - деген ресми мәлімдемеде.

ТурСтат мәліметтеріне сәйкес, туристер Минск қаласына күз мезгілінде орта есеппен алғанда 2,5 күнге келіп, жатар орынға тәулігіне 70 доллар жұмсайды.

Туристер үшін ТМД көлеміндегі ең арзан қалалар - Бішкек пен Кишинев болса, ең қымбаты - Астана мен Баку.

«Орта есеппен алғанда Астанаға 2 күн, тәулігіне 85 доллар, Баку - 3 күн, тәулігіне 78 доллар, Ереван - 3 күн, тәулігіне 67 доллар, Алматы - 3,5 күн, тәулігіне 65 доллар, Ташкент - 2 күн, тәулігіне 43 доллар, Ашхабад - 3 күн, тәулігіне 40 доллар, Киев - 2 күн, тәулігіне 56 доллар, Кишинев - 1 күн, тәулігіне 35 доллар, Бішкек - 1 күн, тәулігіне 32 доллар», - деп көрсетті агенттік.

Соңғы жаңалықтар