Астана мен Ақмола облысында ауа райы бұзылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК еліміздің екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«9 желтоқсанда күндіз, 10-11 желтоқсанда тәулік бойы Ақмола облысы мен Астана қаласында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Желдің жылдамдығы Ақмола облысының кей жерлерінде 23-28 м/с жетпек.  Ал Астанада 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады», -  делінген таратылған хабарламада.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90 %.

Соңғы жаңалықтар