Астана мектептерінде жаппай робототеxника оқытылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында алдағы ұстаздар мейрамына арналған салтанатты шара өтті. Астаналық мұғалімдерді қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова құттықтады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қымбатты ұстаздар, әкім мен әкімдіктің барлық ұжымы атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Шыны керек, әрбір адамның жүрегінде ұстаздың орны бөлек. Себебі ол 11 жыл бойы бізге білім беріп, тәрбиеге үйретті. Негізі, баршамыз үшін бұл - үлкен мереке. Сіздер Астананың гүлденуіне ғана емес, жалпы Қазақстанның өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып келесіздер!", - деді Бектұрова.

Оның айтуынша, бүгінде білім беру саласына бюджет тарапынан бөлінетін қаржының көлемі жыл өткен сайын артып келеді.

"Биылдан бастап Астанадағы 70 мектепте робототеxника пәні оқытыла бастады. Келесі жылдың аяғына дейін қаланың барлық мектептері smart-мектептеріне айналады. Мектептерді теxникалық жағынан жабдықтау шаралары да жалғаса береді", - деп атап көрсетті қала әкімінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар