Астана маңында өткен шосседегі веложарыс жеңімпаздары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Елорда маңындағы «Астана орманы» жасыл белдеуі аумағында ұлдар мен қыздар арасында шосседегі веложарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Жас велошабандоздар жас ерекшеліктері бойынша 14 шақырым қашықтықта өзара мықтыны анықтады.

Жасы кіші қыздар арасында Астана қаласының чемпионы атағы Анастасия Андрееваға (жаттықтырушы Михайлов А. В.), 2-ші орын Динара Сейсенбаеваға (жаттықтырушы Скляров А. Н.), 3-ші орын Айжан Мамутоваға (жаттықтырушы Латыпова Л. В.) бұйырды.

Бойжеткен қыздар арасында 1-ші орынды Любовь Репп (жаттықтырушы Риве В. Р.), 2-ші орынды Диана Бканова (жаттықтырушы Кочетков А. Л.) жеңіп алды.

2006 жылы және және оған дейін туған ұлдар арасында «алтынды» Дмитрий Хомичукке (жаттықтырушы Риве В. Р.), «күмісті» Борис Николаецке (жаттықтырушы Латыпова Л. В.), «қоланы» Александр Голощаповға (жыттықтырушы Риве В. Р.) иеленді.

2004-2005 жылдары туған ұлдар арасында бірінші орынды Олег Лихтенберг, 2-ші орынды Игорь Житняковский (екеуінің де бапкері Риве В. Р.), 3-ші орынды Никита Олейник (бапкері Олейников Д. С.) жеңіп алды.

2003 жылы туған ұлдар арасында Владислав Эйхорн (жаттықтырушы Риве В. Р.) чемпион атанса, 2-ші орынға Юрий Филатов (жаттықтырушы Елькин В. Г.), 3-ші орынға Нұртілеу Қадыр (жаттықтырушы Скляров А. Н.) тұрақтады.

«Астана орманы» ЖШС басқарушы директоры Ю. Х. Келигов шараның жоғары деңгейде өткендігін атап өтуде.

«Біз жақсы жетістіктерге куә болып отырмыз, жасөспірімдердің жанарында жалын, көңілдерінде қуаныш бар. Қатысушылар болашақта Қазақстан Республикасының туын көкте желбіретеді деп сенеміз», - дейді Келигов.

Соңғы жаңалықтар