Астана көшесінде көлік жанып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Астанадағы көшелердің бірінде автомобиль жанып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «109» қызметіне сілтеме жасап.

«18 қаңтар күні 8 сағат 38 минутта Мәңгілік ел мен Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында Daewoo Nexia маркалы көліктің жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің екі бригадасы жетті. Өрт сөндіру қызметінің жедел жұмысының нәтижесінде өрт 08 сағат 53 минутта сөндірілді», - делінген хабарламада.

Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпеген. 

Соңғы жаңалықтар