«Астана» көшбасшысы Фабио Ару араб командасына ауысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 жастағы италияндық велошабандоз Фабио Ару «Астанамен» алты жылдық жұмысынан кейін араб командасы UAE Team Emirates-пен үш жылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sports.kz.

«UAE Team Emirates командасының басшылығы мен демеушілерінің велоспорттағы ортақ мақсат-мүдделерімізді біріктіргісі келетіні мен үшін үлкен құрмет, маған артқан сенімдерінің арқасында олардың үміттерін ақтаймын деп ойлаймын. Осы уақытқа дейін менімен бірге жұмыс істеп, спорттық мансабыма жетуге көмектескендерге алғысымды білдіргім келеді», - деді Ару.

Өз кезегінде, UAE Team Emirates атақты спортшының өздерінің командасына оралуына қатысты пікір айтты.

«Біз Фабио Ару сынды чемпионның командамызға келуіне қуаныштымыз. Оның шеберлігі біздің командамыздың алға қойған мақсаттарымен тамаша үйлеседі. Ару - жарыс кезіндегі мәрттігімен жанкүйерлерінің сүйіспеншілігіне бөленген шабандоз», - деді UAE Team Emirates-тің спорттық директоры Карло Саронни. 

Соңғы жаңалықтар